25 Мамыр, Сенбі

Қайрат Ахметов ONE FC турнирінде жеңіске жетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қайрат «Қазақ» Ахметов ONE FC Grand-Prix турнирінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіл салмақтағы ONE FC тұжырымының экс-чемпионы Қайрат Ахметов шаршы алаңдағы 23-ші жеңісіне қол жеткізді. Токиодағы ONE FC Grand-Prix турнирінде сынға түскен  отандасымыз аустралиялық Рис Макларенмен (12-6) жұдырықтасып, үш раунд қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Осылайша, Ахметов ONE FC тұжырымы ұйымдастырып жатқан Гран-при турнирінің келесі айналымына шықты. Бұл турнирге UFC тұжырымының 11 дүркін чемпионы Деметриус Джонс та қатысып жатыр.

Айта кетейік, Қайрат Ахметов ONE FC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ.

Бөлісу

.