7 сәуір, Сейсенбі

Қазақстандық спортшыға UFC-ден ұсыныс түсті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліс  дәмін татып көрмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновқа беделді UFC ұйымынан ұсыныс түскен,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— UFС-ге аз қалды. Жуырда ғана Шавкатқа UFC-де 4 жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түсті. Алғашқы айқасы 20 сәуір күні Санкт-Петербургте жоспарланған. Алайда Шавкат Рахмонов M-1 Global лигасының чемпиондық белбеуі үшін бұл ұсыныстан бас тартты. Белбеуге бір қадам жерде қайтқанымыз дұрыс болмас деп шештік, — деді Аралас жекпе-жек қауымдастықтары одағының вице-президенті Асылбек Дүйсенов. 

Естеріңізге сала кетеійк, Шавкат Рахмонов 30 сәуір күні Алматыда өтетін М-1 Global турнирінде чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді. «Номад» лақап атымен танымал спортшы әзірге жеңіліп көрмеген.

Бөлісу

.