Басқалары

Юлия Путинцева Майамидегі турнирдің төртінші кезеңінде сүрінді

Қазақстандық теннисші жарыстан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинева АҚШ елінде өтіп жатқан Майами турнирінің ширек финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АҚШ елінде өтіп жатқан Майами турнирінің алғашқы айналымында Кирстен Флипкенсті жеңген отандасымыз екінші кезеңде де қарсыласынан басым түсті. Әлемнің ең мықты теннисшілері бағын сынап жатқан додада Юлия Путинева  үшінші кезеңде Латвия елінің өкілі Анастасия Севастованы 1:6, 6:2, 6:3 есебімен жеңген болатын. Бірақ төртінші айналымда отандасымыз чехиялық Каролина Плишковаға үш сетте — 2:6, 6:3, 7:5 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, АҚШ елінде өтетін Майами турниріне 96 спортшы қатысып, 9 035 428АҚШ долларын сарапқа салады.

Басқалары