Басқалары

Қазақстандық таеквондошылар «German Open G1» турнирінде бақ сынайды

Рейтингілік турнирге Қазақстан командасы толық құраммен қатысады

Германияның Гамбург қаласында таеквондодан G1 санатындағы «German Open» халықаралық турнирі өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

27 наурыз күні басталатын дүбірлі дода 5 күнге жалғаспақ. Рейтингілік турнирге Қазақстан командасы толық құраммен қатысады. 

Ерлер:

58 келі. Елдос Ысқақ

63 келі. Эльдар Бірімбай

74 келі. Қайрат Сарымсақов

80 келі. Нұрлан Мырзабаев

80 келі. Рахым Әділханов

87 келі. Смайыл Дүйсебай

+87 келі. Руслан Жапаров

Қыздар:

53 келі Фариза Алдоңғарова

67 келі. Ақсәуле Ерқасымова

+73 келі. Дениз Жансель

Сондай-ақ, облыстар есебінен Германияда Айтуар Шайкенов, Самат Темірханов, Сапарғали Әбдірашев (барлығы да 54 келі), Қазбек Бақтиярұлы (63 келі), Нұрсұлтан Мамаев (68 келі), Лес Әбдусамат (74 келі) және Нұрқанат Қожахмет (74 келі) бақ сынайды.

Басқалары