19 маусым, Сәрсенбі

Қуат Хамитов: Менің жеңісім Қазақстан үшін аса маңызды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитовтың кезекті чемпионы атағына таласатын жекпе-жегі туралы өз ойымен бөлісті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат «Найман» Хамитов Fight Nights Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін әзірбайжандық Нариман Аббасовқа (23-3-0) қарсы болатын жекпе-жегі туралы ойын ортаға салды. 

– Бұл жекпе-жекте кімнің фаворит екенін айту қиын. Бәлкім, көпшілік қауым Нариманды фаворит көретін шығар. Бірақ жекпе-жек күні менімен күллі Қазақстан халқы болады. Әзірбайжанда ММА спорты Қазақстандағыдай танымал емес екенін білемін. Сондықтан бұл жеңіс мен үшін және Қазақстан үшін аса маңызды болмақ», – деді Қуат.

Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов (18-6-1)  соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 80 турнирінде UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі болған Питер Куиллимен жұдырықтасқан болатын. 

Бөлісу

.