Бокс

Айдос Ербосынұлы әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық боксшы WBO Global, WBC Asia чемпиондық атағынының иегері

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) әлемдік рейтингте жоғарылады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Кеше ғана WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуін жеңіп алған Айдос Ербосынұлы әлемдік рейтингте жоғарылап, 70 орынға жайғасты. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз WBO Global, WBC Asia чемпиондық атағына қол жеткізіп, WBO тұжырымы бойынша ең үздік 15 боксшының қатарына кірген. Ал бұл салмақтың көшін Каллум Смит бастап тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегінде Лукас Ндафолумен (16-2, 6 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Бокс