19 маусым, Сәрсенбі

Конор Макгрегор спортпен қош айтысты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ирландиялық UFC файтер Конор Макгрегор кәсіпқой спортшы мансабын аяқтағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— «Аралас жекпе-жек» деп танылған спорттан кетуді ұйғардым. Ескі әріптестеріме сәттілік тілеймін. Енді отставкаға кеткен әріптестерімнің қатарына қосылдым, — деп жазды спортшы Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Конор Макгрегор соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізген болатын. Аталмыш кездесуде ирландиялық спортшы ресейлік Хабиб Нурмагомедовке есе жіберді. Макгрегор аралас жекпе-жекте 25 айқас өткізген. Оның 21-нде жеңіске жетсе, төртеуінде ұтылған.

Бөлісу

.