16 қазан, Сәрсенбі

Садриддин Ахмедов жарақаты болса да жеңіске жетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов Алматыда өткен жекпе-жегінде жарақатына қарамастан жеңіске жетті,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов   «Алматы арена» спорт кешенінде өткен бокс кешінде Джон «Yohanes Ruba» Рубамен (17-5-1, 9КО) қолғап түйістіріп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері атанған отандасымыз жекпе-жек туралы өз ойымен бөлісті.

– Әуелі, осындай дүбірлі додада елімнің артқан сенімін ақтап, кезекті жеңісіме қол жеткізгеніме Аллаға шүкір деймін. Бапкеріммен қойған тактикамыз бойынша толық он раунд жұдырықтасып шығу жоспарда болды. Өйткені алда бұдан да үлкен жекпе-жектер мен мықты қарсыластар күтіп тұр. Сол себепті физикалық, функционалдық тұрғыдан да дайындығымызды байқап көруді жөн көрдік. Әрине, қарсылас та оңай шағылатын жаңғақ емес, соққыны жақсы көтеретін, өте төзімді спортшы. Бір шетінен оң қолымнан алған жарақатым жекпе-жек барысында қайта асқынып, оң қолыма толық күш сала алмадым. Соның салдарынан кездесуді мерзімінен бұрын аяқтайтын шақта аздап кедергілер туды. Дегенмен алдағы уақытта міндетті түрде қазақ еліне жарқын жеңістер мен әдемі нокауттар сыйлауға уәде беремін», – деді Садриддин.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы 7 кездесуінде қарсыластарын нокаутқа жіберген болатын.

Бөлісу

.