Бокс

Бүгін Алматыда бокс кеші өтеді. Тікелей эфир

Бүгін «Алматы арена» спорт кешенінде өтетін кешінде шаршы алаңға шығатын былғары қолғап шеберлерінің есімдері белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Кештің басты жекпе-жегін Садриддин Ахмедов пен Айдос Ербосынұлы жұдырықтасады. WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы Садриддин Ахмедов WBC Asia чемпиондық белбеуі үшін индонезиялық боксшы Джон Рубамен (17-5-1, 9КО) жекпе-жек өткізеді.

Ал Айдос Ербосынұлы екінші жартылай орта салмақта оңтүстікафрикалық боксшы Лукас Ндафолуммен (15-1-6КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жекте WBA International, WBC Asia және WBO Global белбеулері сарапқа салынады.

Нұрсұлтан Жаңабаев WBA Intercontinental чемпиондық белбеуі үшін венесуэлалық Иван Матутемен (28-1-23 КО) жұдырықтасады. Жеңіл салмақта Дастан Садуұлы (1-0, 1 KO) ресейлік Александр Салтыковқа (12-55-3,12 KO) қарсы тұрады. Искандер Харсан (5-0, 4 KO) екінші аса жеңіл салмақта грузиялық Джаба Мемишишиге (8-10, 1 КО) қарсы шаршы алаңға шығады. Бірінші ауыр салмақта Асхат Жантұрсынов (3-0, 3 KO) грузин боксшы Рамази Гогичашвилимен (22-27-2, 10 КО), ал Диас Тастеміров (3-0, 3КО) екінші орта салмақ дәрежесінде Малхаз Суджашвилимен (10-4, 8 КО) жекпе-жек өткізеді.

Сондай-ақ, кеште орта салмақта өзбекстандық Улугбек Хакбердиев (5-0, 3 КО) пен беларусь боксшы  Дмитрий Атрохау (16-4, 7 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, бокс кешін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бокс