18 шілде, Бейсенбі

Қазақстан — Ресей: Бапкерлер не дейді?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бүгін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Ресей құрамалары 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өзара күш сынасады,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов: 

— Қазақстан-Шотландия ойының нәтижесі таңғалмады. Нәтижені қабылдадық. Командаға жаңа бапкер келді. Түркияда онымен кездескен болатынбыз. Кезінде бір-бірімізге қарсы ойнадық. Молдовамен өткен ойынды тамашаладық. Қарсыластың қандай ойын үлгісін таңдайтыны сол кезде белгілі болған еді. Алайда, сол жиында негізгі футболшылар болмады. Шотландия құрамасының жоспарын білмедік. Қазақстан құрамасы футбол ойнауды жақсы көретін команда. Іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны туралы айтсақ, қазақстандық футболшылар жылдам гол соқты. Ал, шотландиялық футболшылар ойынға орала алмады.

Қазақстан-Шотландия ойыны – бас бапкердің алғашқы ресми матчы. Сол себепті бұл жерде қозғайтын тақырып көп. Нақты бір ойынышың жоқтығы білінбеді. Яғни, командалық жұмыс. Қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүре алады. Қарсыласты жақсы тану үшін уақыт қажет.

Қазақстаннан ұтылуға болмайды. Алайда, Бельгияға қарсы алғашқы ойынға да жақсы дайындалып, оң нәтиже үшін алаңға шықтық. Турнир кестесіндегі орнымызды білеміз. Біздің міндет – әр ойында жеңіске жету. Кез келген жеңілістен сабақ шығару керек.

Қазақстан  құрамасының бас бапкері Михал Билек:

— Бельгия әлемдік рейтингте көш бастап келе жатқан команда. Ресейге де алғашқы ойын қиынға түсті. Ресей құрамасының Ұлттар Лигасындағы ойынын зерделеп шықтық. Орталық алаңдағы негізгі футболшылары алаңға шықпайтынын білеміз. Мүмкіндік алған қалған футболшылар өздерін көрсетуге ұмтылатыны анық. Ресей соңғы Әлем Чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. Біз үшін қиын қарсыластардың бірі.

Жанкүйерлерге әрқашан жеңіс сыйлағымыз келеді. Қолымыздан келеді деп ойлаймын. Тырысамыз. Ұйымшылдық пен тәртіптің арқасында жинақы ойын көрсеткіміз келеді. Қарсыласты бағалаймыз. Олардың мүмкіндіктерін білеміз. Алғашқы ойынды жақсы өткіздік. Көңіл-күйіміз жақсы.

Бұл жерде «Астананың», «Ордабасының» немесе «Қайраттың» ойыншылары жоқ. Бір ғана команда – Қазақстан құрамасы бар. Футболшылардың ойыны жақсы. Молдовамен ойында көптеген жаңа ойыншыларды қарадық.

Ресеймен ойынға дайындық жүріп жатыр. Біздің футболшылар бұл елдің футболшыларына қарсы қалай ойнау керек екенін біледі. Үш ұпай алу үшін екі команда да алға ұмтылатыны анық. Жанкүйерлерге үлкен алғыс айтқым келеді. Барлықтарыңызды ертең стадионда күтеміз. Тағы да бір жеңіске жеткіміз келеді.

Бөлісу

.