Басқалары

«Сартай батыр» мен «Қыран» «Өнер Барысы» атанды

Астанада өтіп жатқан «Өнер Барысы» республикалық турнирінің жеңімпаздары белгілі болды,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ауыр салмақта актер Еркебұлан Дайыров (лақап аты — Алжан-Көкжал) пен Азамат Шарғын (лақап аты — Сары) қола жүлдені сарапқа салған. «Сары» қарсыласынан басым болып, үшінші орынды алды.

Ал финалда актер әрі блогер Ардақ Байғабыл (лақап аты — Қабанбай) мен «Өнер қырандары» театрының мүшесі Сырымбет Бибосынов (лақап аты — Қыран) кездесіп, «Қыран» мықтылығын дәлелдеді.

74 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола үшін өткен белдесуде актер Абай Аязбаев (лақап аты — Темірлан) қарсыласы КТА ойыншысы Хамит Ердеханды (лақап аты — Ауыл баласы) таза жеңіп, жеңіпаз атанды. Ақтық сында қарсыластарынан басым болған Асылхан Төлепов (лақап аты — Сартай батыр) пен Аян Өтепберген (лақап аты — Тұйғын) кездесті. Негізгі уақытта бүк ұпайынан алған екеуі өзара мықтыны белдесуде анықтады. Бұл жерде Асылхан Төлепов басым болды. Осылайша, «Сартай батыр» жеңіл салмақта алтын белбеуді иемденіп, «Өнер Барысы» атанды.

Басқалары