Бокс

BoxRec сайты ең үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жариялады

Boxrec порталы қазақстандың кәсіпқой боксшылардың рейтингін жасады

Бокс әлеміндегі барлық жекпе-жектердің күнтізбесін жасап отыратын Boxrec порталы қазақстандың кәсіпқой боксшылардың рейтингін жасады,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Барлық салмақ дәрежесі бойынша BoxRec сайтының жасаған үздік қазақстандық боксшылардың тізімі белгілі болды. Геннадий Головкин ең үздік боксшылардың көшін бастап тұрса, екінші орында өткен аптада Канада елінде 15 жеңісіне қол жеткізген Батыр Жүкембаев тұр. Үздік үштікті Али Аxмедов түйіндесе, Мейірім Нұрсұлтанов төртінші орында. Бейбіт Шүменов бесінші орынға жайғасса, Садриддин Ахмедов алтыншы орынға көтерілген.

Айта кетейік, бұл рейтингтен Қанат Ислам шығып қалған. 

Бокс