Басқалары

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында өнер көрсетеді

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында өнер көрсетеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияда өтетін әлем чемпионатында сынға түседі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

20-24 наурыз аралығында Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан  өтетін кезекті әлем чемпионаты өтеді. Әлемнің ең мықты спортшылары бақ сынайтын дүбірлі додаға Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаева қатысады.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымда екі күміске қол жеткізді. Ол «Төрт құрлық турнирі» мен Универсиада ойындарында күміс жүлдегер атанды

Басқалары