19 маусым, Сәрсенбі

Қуат Хамитов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитовтың кезекті жекпе-жегінде әлем чемпионы атағына таласады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат «Найман» Хамитов кезекті жекпе-жегін 26 сәуір күні Fight Nights Global тұжырымының кезекті турнирінде өткізеді. Отандасымыз Fight Nights Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін әзірбайжандық Нариман Аббасовпен (23-3-0) жекпе-жек өткізеді. Мәскеу қаласында өтетін жекпе-жек кешінде қос спортшы жеңіл салмақта (70 келі) сынға түседі. 

Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов (18-6-1)  соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 80 турнирінде UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі болған Питер Куиллимен жұдырықтасқан болатын. 

Бөлісу

.