19 маусым, Сәрсенбі

Жәнібек Әлімханұлы 2 бірдей белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегінде 2 бірдей белбеуге жұдырықтасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

12 сәуір күні АҚШ-тың Лос Анжделес қаласындағы «Staples Center» аренасында Жәнібек Әлімханұлы  WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеуі үшін 10 раундттық жекпе-жек өткізеді. Ол мексикалық тәжірибелі боксшы Кристиан Олливаспен қолғап түйістіреді. 27 жастағы мексикалық кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBC уақытша әлем чемпионы белбеуіне бұрын үміткер болған кіші Уго Сентеномен спарринг өткізіп, жекпе-жегіне дайындығын пысықтаған болатын.

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде ураиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британдық Энтони Кроллға (34-6-3, 13 КО)  қарсы жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпиондық белбеулерін қорғайтын болады.

Бөлісу

.