19 маусым, Сәрсенбі

Бауыржан Исламхан Шотландия және Ресей құрамаларына қарсы ойында алаңға шықпайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Шотландия және Ресей құрамаларына қарсы ойынға қатыспайды,–деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы жарақатына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығуы жиынынан кетті.  Ол  2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Шотландия және Ресей құрамаларымен өтетін ойындарға қатыспайды. Бауыржанның орнына қосалқы тізімнен қарағандылық «Шахтер» шабуылшысы Оралхан Өміртаев шақырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 21 наурыз күні Шотландиямен кездессе, 24 наурыз күні Ресей құрамасымен ойнайды. Ойындар Астана қаласында өтеді.

Бөлісу

.