19 маусым, Сәрсенбі

Дзюдошыларымыз «Grand Slam» турнирінен бос қайтты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дзюдошыларымыз Екатеринбургте өткен әлемдік «Grand Slam» турнирде жүлдесіз қайтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әлемнің 48 елінен 400-ден аса спортшы сынға түскен додада қазақстандық дзюдошылар жүлделі орыннан көріне алмады. 60 келіде белдескен Ғұсман Қырғызбаев алғашқы айналымда Юма Ошимаға есе жіберсе, 66 келідегі Елдос Жұмақанов екінші белдесуде француз балуанынан ұтылды. Сондай-ақ 66 келідегі Есет Қуанов та екінші айналымнан аса алмады. Мадияр Сембаев 73 келіде алғашқы белдесуінде румын дзюдошысын жеңгенімен екінші айналымда ресейлік Евгений Прокопчукқа есе жіберді. 81 келіде белдескен Бекжан Абдуалиев алғашқы айналымда сүрінсе, Руслан Мусаев екінші кезеңде израильдік Саги Мукиден ұтылды. Сондай-ақ 90 келіде Ислам Бозбаев, 100 келіде Виктор Демьяненко және аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев та алғашқы айналымнан аса алмады. 

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы Елдос Сметов дәл осы турнирдің жеңімпазы атанған болатын.

Бөлісу

.