19 маусым, Сәрсенбі

Батыр Жүкембаев әлемдік рейтингте ТОП-20 боксшының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 12 КО) әлемдік рейтингте үздік 20 спортшының қатарына кірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық белбеудің иегеріБатыр Жүкембаев әлемдік рейтингте ТОП-20 боксшының қатарына қосылды. Соңғы жекпе-жегінде Хильберто Месаны (10-5-1, 6 КО) жеңгеннен отандасымыз BoxRec рейтингінде үздік 20 боксшының қатарына кіріп, чемпиондармен жекпе-жек өткізуге бір табан жақындады. Батырдың салмағының көшін американдық былғары қолғап шебері Реджис Прогрейс бастап тұр. 

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы кездесуінде қарсыласымен 10 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңді.

Бөлісу

.