Бокс

Батыр Жүкембаев кезекті рет жеңіс тойын тойлады

15-жеңіс!

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) кәсіпқой рингтегі 15-ші жеңісіне жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Батыр Жүкембаев мексикалық боксшы Хильберто Месамен (10-5-1, 6 КО) қолғап түйстірді. Жеңіліп көрмеген отандасымыз қарсыласымен 10 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада өткен соңғы жекпе-жегінде Батыр Жүкембаев қарсыласы Патрисио Мореноны ұрып құлатты. Бұл жекпе-жек WBC International белбеуі үшін өткен болатын. Ал Нұрзат Сабыров 25 қараша күні мексикалық Рокки Монтоейді (32-2-0, 22 КО) екінші раундта жеңді.

Бокс