Ережесіз жекпе-жек

Асылжан Бақытжанұлы АСА 93 турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асылжан Бақытжанұлы АСА 93 турнирінде қарсыласынан басым түсті, – деп хабарлайды   Qsport.kz  порталы.

Әлемдегі ең үздік тұжырымдардың бірінде сынға түсетін Асылжан «САҚ» Бақытжанұлы ресейлік Владимир Бабичпен (11-6) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте отандасымыз бір бас жоғары болып, қарсыласынан айласын асыра алды.

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы сегізбұрышта 10 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіске жетіп, 1 рет қана жеңілген.

Ережесіз жекпе-жек