Бокс

Америкалық боксшы: Жәнібек — өте ақылды

Америкалық кіші Уго Сентено қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен өткізген спаррингтен кейін өз әсерімен бөлісті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Жәнібек – тамаша боксшы. Ол өте ақылды. Кәсіпқой бокста 30 жекпе-жек өткіздім. Ал Жәнібек әлем чемпионы секілді жұдырықтасаты. Өзі ақылды, соққылары да дөп тиеді. Болашақта әлем чемпионы болады, — деді кіші Уго Сентено спаррингтен кейін.

Орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы кезекті айқасы алдында осы салмақта WBC уақытша әлем чемпионы белбеуіне бұрын үміткер болған кіші Уго Сентеномен дайындық жекпе-жегін өткізді. 

Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуір күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Staples Center» аренасында өтетін бокс кешінде он раундтық жекпе-жекке шығады. Орта салмақ дәрежесінде қолғап түйістіретін отандасымыз мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасады. 27 жастағы боксшы кәсіпқой мансабында 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-нда жеңіске жеткен. Тек төртеуінде қарсыласына есе жіберген.

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде ураиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британдық Энтони Кроллға (34-6-3, 13 КО)  қарсы жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпиондық белбеулерін қорғайтын болады.

Бокс