Бокс

Жәнібек Әлімханұлы америкалық боксшымен спарринг өткізді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) кезекті жекпе-жегі алдында америкалық кіші Уго Сентеномен спарринг өткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Орта салмақта WBC уақытша әлем чемпионы белбеуіне бұрын үміткер болған кіші Уго Сентено мен Жәнібек Әлімханұлы дайындық жекпе-жегін өткізді. 

Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуір күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Staples Center» аренасында өтетін бокс кешінде он раундтық жекпе-жекке шығады. Орта салмақ дәрежесінде қолғап түйістіретін отандасымыз мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасады. 27 жастағы боксшы кәсіпқой мансабында 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-нда жеңіске жеткен. Тек төртеуінде қарсыласына есе жіберген.

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде ураиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британдық Энтони Кроллға (34-6-3, 13 КО)  қарсы жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпиондық белбеулерін қорғайтын болады.

Бокс