19 маусым, Сәрсенбі

Данияр Елеусіновтің алтыншы жекпе-жегі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортиспен қолғап түйістірді. Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Есеп — 79-70, 79-71, 79-71.

Жетінші раундта Данияр Елеусінов қарсыласын нокдаунға жіберді, алайда мексикалық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алды. 

Осылайша, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін барлық кездесуінде қарсыласынан басым болған, ал үш жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған. 

Бөлісу

.