Бокс

Асхат Уалиханов пуэрторикалық нокаутермен жекпе-жекке шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлихановтың келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бірінші жартылай салмақта өнер көрсететін Асхат Уалиханов келесі кездесуін 30 наурыз күні өткізеді. АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өтетін жекпе-жекте отандасымыз пуэрторикалық нокаутшы Хосе Лопеспен шығады. Хосе шаршы алаңында 12 кездесу өткізіп, 11 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 9 кездесуінде қарсыласын нокаутқа жіберген. Дегенмен 1  жекпе-жегінде жеңіліске ұшыраған.

Айта кетейік, Асхат кәсіпқой бокста 5 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіске жетсе, 1 рет қарсыласына есе жіберген.

Бокс