25 Мамыр, Сенбі

Садриддин Ахмедов пен Айдос Ербосынұлының жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Хабар» телеарнасы 24 наурыз «Алматы арена» спорт кешенінде өтетін бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Кештің басты жекпе-жегінде Садриддин Ахмедов пен Айдос Ербосынұлы жұдырықтасады. WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы «Қазақ сарбазы» WBC Asia чемпиондық белбеуі үшін индонезиялық боксшы Джон Рубамен (17-5-1, 9КО) жекпе-жек өткізеді.

Ал Айдос Ербосынұлы екінші жартылай орта салмақта оңтүстікафрикалық боксшы Лукас Ндафолуммен  (15-1-6КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жекте WBA International, WBC Asia және WBO Global белбеулері сарапқа салынады. 

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Жаңабаев WBA Intercontinental чемпиондық белбеуі үшін венесуэлалық Иван Матутемен (28-1-23 КО) жұдырықтасады.

Бөлісу

.