Ережесіз жекпе-жек

Қазақстандық спортшы M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегінде чемпиондық атаққа таласады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы

Шавкат Рахмонов 30 наурыз күні Алматы қаласында өтетін M-1 Challenge 101 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Жеңілістің ащы дәмін татпаған отандасымыз M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. 77 келі салмақта жұдырықтасатын Шавкат ресейлік Данила Приказамен (11-2-1) чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Айта кетейік, бұл додада Арман Әшімов, Асу Алмабаев, Азамат Бақытов сынды спортшыларымыз сынға түседі.

Ережесіз жекпе-жек