25 Мамыр, Сенбі

Нұрберген Шәріповтің кезекті жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Нұрберген Шәріповтің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Tech-Krep FC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Нұрберген Шәріпов (8-1-0)  келесі кездесуінде бразилиялық спортшымен жұдырықтасады. 15 наурыз күні Америка елінде, Titan FC 53 турнирінде сынға түсетін отандасымыз Пауло Серхио Сантосқа (6-2) қарсы жекпе-жек өткізеді. Қос спортшы 61 келі салмақта сынға өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Нұрберген Шәріпов «Алем файтерс» спорт клубының сарбазы. Ол соңғы жекпе-жегін 2017 жылы Tech-Krep FC тұжырымында өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Бөлісу

.