Бокс

Бобыржан Момынов америкалық боксшымен қолғап түйістіреді

WBC Asia және NBA Intercontinental чемпиондық белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Бобыржан Момыновтың (9-0, 8 KO) кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АҚШ-тың Коста-Меса қаласындағы кеште қазақстандық боксшы 8 раундтық жекпе-жек өткізеді. Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде Бобыржан Момынов америкалық Джонатан Стилмен (9-2-1, 6 КО) жұдырықтасады. 27 жастағы боксшы 12 жекпе-жегінің тек біреуінде жеңіліс тапқан, тағы екі кездесуі тең аяқталған. 

Кештің басты жекпе-жегінде болгариялық боксшы Кубрат Пулев (26-1, 13 KO) пен румын Богдан Дину (18-1, 14 КО) қолғап түйістіреді.

Айта кетеік, Бобыржан Момынов соңғы жекпе-жегін Ақтөбе қаласында 15 қыркүйек күні өткізді. Ол 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекте қарсыласы грузин Анзор Гамгебелені екінші раундта нокаутқа түсірді.

Бокс