Бокс

«Qazaq boks stıli» деректі фильмі көгілдер экраннан көрсетіледі

«Хабар» арнасы танымал режиссер Қанат Бейсекеевтің АҚШ-тағы қазақ боксшылары туралы түсірген «Qazaq boks stıli» деректі фильмін көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Туынды былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңдағы кәсіби мансабын бастау үшін Лос-Анджелеске баруы, бұл жолда алдынан шыққан қиындықтары мен жеңіске жету жолындағы қажырлы еңбегі суреттеледі. Фильмде сондай-ақ жалпы қазақ боксшыларының жетістіктері мен болашағы қамтылады. Деректі кинода Мадияр Әшекеев, Сағадат Рахманқұл, Асхат Уәлиханов, Мейірім Нұрсұлтанов та бой көрсетеді.

«Хабар» телеарнасы «Qazaq boks stıli» деректі фильмін 16 наурыз күні сағат 22:00-де көрсетеді. Күні кеше Астана қаласында «Қазақ бокс стилі» деректі фильмнің ашық көрсетілімі өтеді. 

Орта салмақ дәрежесінде қолғап түйістіретін Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуір күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Staples Center» аренасында өтетін бокс кешінде он раундтық жекпе-жекке шығады. Әлі жеңіліп көрмеген отандасымыз мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасады. 27 жастағы боксшы кәсіпқой мансабында 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-нда жеңіске жеткен. Тек төртеуінде қарсыласына есе жіберген.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде ураиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британдық Энтони Кроллға (34-6-3, 13 КО) қарсы жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпиондық белбеулерін қорғайтын болады.

Бокс