24 қыркүйек, Сейсенбі

Әлем чемпионатына барған бес зілтеміршіміз алтын алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық атлеттер бесінші алтынына қол жеткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ольга Пастухова әлем чемпионы атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 215 келіні бағындырды. Жұлқа көтеруде 92 келіні, серпе көтеруде 123 келіні еңсерды. 

Сонымен қатар, 96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Рахат Бекболат екі бағдарлама нәтижесінде 323 келіні көтеріп (жұлқа көтеруде 144, серпе көтеруде 179 келі бағындырды), алтыннан ақла тақты.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы АҚШ-тағы әлем чемпионатын 5 алтын медальмен аяқтады. Бұған дейін Сәпи Есенкелді, Ақмолда Сайрамкез бен Сайхан Тайсуевтер жеңіс тұғырына көтерілген.

Бөлісу

.