19 тамыз, Дүйсенбі

Криштиану Роналду мансабындағы 700-ші голын соқты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 700-ші голын соқты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Португалиялық футболшы Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында мадридтік «Атлетикоға» қарсы өткен матчта хет-трих жасап, мансабындағы 700-ші голын соқты. Мұндай нәтижеге жету үшін Роналдуға 987 матч қажет болған.  

Әзірге 700 голдың белесін бағындырған бес футболшы ғана бар. Атап айтқанда: Йозеф Бицан (805 мячей), Ромарио (772), Пеле (767), Ференц Пушкаш (746) және Герд Мюллер (735). Ал «Барселонаның» шабуылшысы  Лионель Месси 678 голмен 6-шы орында келе жатыр.

«Ювентус» Криштиану Роналдудың соққан үш голының арқасында мадридтік «Атлетикодан» басым түсіп, Чемпиондар Лигасының ширек финалына жолдама алды.

Айта кетейік, Криштиану Роналду «Алтын доптың» бес дүркін иегері. Мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед» және «Реал Мадрид» командаларында өнер көрсеткен. Қазір «Ювентустің» жейдесінде ойнайды. 

Бөлісу

.