Соңғы жаңалықтар

Таңат Нөсербаев «Оқжетпестің» сапына қосылды

Көкшелік «Оқжетпес» командасының сапына Қазақстан құрамасының шабуылшысы Таңат Нөсербаев қосылды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Премьер-Лигаға биыл оралған «Оқжетпестің» сапын тәжірибелі футболшы толықтырды. Өткен жылы қостанайлық «Тобылда» ойнаған Таңат Нөсербаев биылғы маусымды көкшелік командада бастайды.

Шымкент футболының түлегі 2006 жылы «Ордабасының» сапында алғашқы матчын өткізген. 2011 жылы «Астанаға» ауысып, клубтың үздік сұрмергені атанды. 2017 жылы шымкенттік клубқа қайта оралып, араға бір жыл салып «Тоболдың» жейдесін киді.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 28 ойынға қатысқан.

Соңғы жаңалықтар