Негізгі жаңалықтар

Зидан «Реалға» қайта оралу үшін өз талаптарын қойған

Жаңа келісімшарт бойынша француз маманы 2022 жылдың отызыншы маусымына дейін өз міндетін атқарады

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері қызметіне қайта оралған Зинедин Зидан клуб басшысына өз талаптарын қойды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жаңа келісімшарт бойынша француз маманы 2022 жылдың отызыншы маусымына дейін өз міндетін атқарады. Бас бапкер қызметіне қайта оралу үшін Зидан басшылыққа алты шарт қойып, оларды бұлжытпай орындауды талап етті. Француздық маманның талаптары мынандай:

Команданы толық бақылау;

– Ойын үлгісіне сай емес ойыншыларды сату;

– Марсело мен Исконы құрамда сақтап қалу;

– Неймар трансферінен бас тарту;

– Хамес Родригесті кері қайтармау;

– Мбаппені сатып алу үшін қолдан келгеннің барын жасау.

Флорентино Перес бұл шарттарға көнген соң, Зидан келісімшартқа қол қойған.

Айта кетейік, 46 жастағы француз маманы бұған дейін Реал Мадридпен үш жыл қатарынан чемпиондар лигасын ұтып алған болатын. 

Негізгі жаңалықтар