19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық атлеттер үшінші алтынына қол жеткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

81 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Сәпи Есенкелді қоссайыс қорытындысы бойынша 309 келіні еңсерді. Ол жұлқа көтеруде 134 келіні, серпе көтеруде 175 келіні бағындырған. Сондай-ақ, қазақстандық спортшы екі бағдарлама бойынша кіші алтын медальді қанжығасына байлады. 

Бұл Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатына жеңіп алған үшінші алтын жүлдесі. Бұған дейін Ақмолда Сайрамкез бен Сайхан Тайсуевтер жеңіс тұғырына көтерілген.

Байрақты бәсекеде ел намысын бес спортшымыз қорғап жатыр. Атап айтқанда: Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейінгі салмақ), Сайхан Тайсуев (67 келіге дейінгі салмақта), Сәпи Есенгелді (81 келіге дейінгі салмақта), Рахат Бекболат (96 келіге дейінгі салмақта) және Ольга Пастухова (81 келіге дейінгі салмақта).

Айта кетейік, әлем чемпионатында 50 елден 13-17 жас аралығындағы спортшылар бақ сынап жатыр.

Бөлісу

.