Бокс

Садриддин Аxмедовтың кіммен жекпе-жек өткізетіні анықталды

«Қазақ сарбазы» жекпе-жегін Алматыда өткізеді

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов Алматыда өтетін жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов кезекті жекпе-жегінде WBC Asia чемпиондық белбеуі үшін индонезиялық боксшымен жұдырықтасады. 24 наурыз күні «Алматы арена» спорт кешенінде өтетін бокс кешінде өнер көрсететін отандасымыз Джон «Yohanes Ruba» Рубамен (17-5-1, 9КО) қолғап түйістіреді. Жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген отандасымыздың жекпе-жегі кештің басты кездесуі болады.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 7 кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарын нокаутқа жіберген болатын. Ол соңғы жекпе-жегін Канада елінде өткізіп, мексикалық Абрахам «Питбуль» Хуаресті (13-1-0, 5 КО) 4 раундта нокаутқа жіберген болатын. Осы жеңістен кейін 86-орынға жайғасқан отандасымыз қазір 52-орынға көтерілді. Ал Джон «Yohanes Ruba» Руба қытайдың Головкині атанған Бейсен Нәсиоллаұлымен жұдырықтасып, жеңіліске ұшыраған. 

Бокс