25 Мамыр, Сенбі

Таэквондошыларымыз әлемдік рейтингте жоғарлады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық таэквондошылар  әлем және Олимпиада рейтингінде жоғарылады, –  деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Халықаралық таэквондо федерациясының жаңартылған рейтингінде қазақстандық таэквондошылар жоғарылады. Әлемдік аренада ел намысын қорғап, сәтті өнер көрсетіп жүрген спортшыларымыз бірнеше сатыға көтерілген.

+67 келі. Жансель Дениз – олимпиадалық рейтинг -12-ші орын, әлемдік рейтинг – 7-ші орын. 

+80 келі. Смайыл Дүйсебай – олимпиадалық рейтинг 14-ші орын, әлемдік рейтинг – 4-ші орын. 

80 келі. Руслан Жапаров – олимпиадалық рейтинг – 18-ші орын, әлемдік рейтинг – 14-ші орын. 

80 келі. Нұрлан Мырзабаев – олимпиадалық рейтинг – 34-ші орын, әлемдік рейтинг – 24-ші орын. 

80 келі. Қайрат Сарымсақов – олимпиадалық рейтинг – 43-ші орын, әлемдік рейтинг – 15-ші орын. 

Еске сала кетейік, Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін спортшылар олимпиадалық рейтингте үздік алтылыққа енуі керек. Ендігі лицензиялар Қытайда өтетін құрлық чемпионатында сарапқа салынады.

Бөлісу

.