25 Мамыр, Сенбі

Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылар белгілі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Шотландия және Ресеймен өтетін ойынға шақырылған футболшыладың тізімі жариялады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Тізімге 24 футболшы енді:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Ордабасы»), Игорь Щацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников (барлығы — «Астана»), Ян Вороговский, Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев (барлығы – «Қайрат»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де — «Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Юрий Перцух (екеуі де – «Астана»), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы – «Қайрат»), Бактиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей), Максим Федин («Тобыл»), Александр Меркель («Хераклес», Голландия);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Левски», Болгария).

Қосалқы құрам: қақпашылар – Владимир Плотников («Қайрат»), Марсель Исламқұлов («Қайсар»), қорғаушылар – Александр Соколенко, Нұралы Әліп, Айбол Әбікен (барлығы – «Қайрат»), Марат Быстров («Ордабасы»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), жартылай қорғаушылар – Еркебұлан Тұңғышбаев («Қайрат»), Аслан Дарабаев («Ертіс»), Азат Нұрғалиев («Тобыл»), шабуылшылар – Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь).

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тадеуш Переход – дәрігер.

Бұған дейін Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов 2020 жылғы Бельгия және Қазақстан құрамаларымен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімдерін атаған болатын.

Тізімге 26 футболшы енді:

Қақпашылар: Маринато Гилерме («Локомотив», Мәскеу), Андрей Лунев («Зенит», Санкт-Петербург), Антон Шунин («Динамо», Мәскеу).

Қорғаушылар: Максим Беляев («Арсенал», Тула), Георгий Джикия, Илья Кутепов (екеуі де — «Спартак», Мәскеу), Вячеслав Караваев («Витесс», Голландия), Федор Кудряшов («Истанбул Башакшехир», Түркия), Андрей Семенов («Ахмат», Грозный), Кирилл Набабкин, Марио Фернандес, Георгий Щенников (барлығы — ЦСКА, Мәскеу).

Жартылай қорғаушылар: Ильзат Ахметов (ЦСКА, Мәскеу), Юрий Газинский («Краснодар»), Александр Головин («Монако», Франция), Роман Зобнин («Спартак», Мәскеу), Владислав Игнатьев, Алексей Миранчук, Антон Миранчук (барлығы — «Локомотив», Мәскеу), Алексей Ионов («Ростов», Ростов-на-Дону), Далер Кузяев, Магомед Оздоев (екеуі де — «Зенит», Санкт-Петербург), Денис Черышев («Валенсия», Испания).

Шабуылшылар: Артем Дзюба («Зенит», Санкт-Петербург), Федор Смолов («Локомотив», Мәскеу), Федор Чалов (ЦСКА, Мәскеу).

Тізімде өзгерістер болуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Шотландияға 21 наурыз күні, ал Ресейге қарсы 24 наурыз күні ойнайды.

Бөлісу

.