Соңғы жаңалықтар

Елдос Сметов әлемнің үздік балуандарының қатарында

Елдос Сметов әлемнің ең үздік он балуанының қатарында, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов әлемнің ең үздік балуандарының қатарында. Отандасымыз халықаралық дзюдо федерациясының (IJF)  жаңартылғанда рейтингінде 4180 ұпаймен 6 орында тұр. Ал бұл салмақтың көшін ресейлік Роберт Мшвидобадзе бастап тұр. Сондай-ақ Ғұсман Қырғызбаев та үздік ондыққа еніп, 3749 ұпаймен 8 орынға жайғасқан. 

Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық дзюдошылар келесідей орналасқан (1-50):

66 кг
Ерлан Серікжанов – 8 (3490)
Елдос Жұмақанов – 12 (3090)

73 кг
Жансай Смағұлов – 12 (3024)

81 кг
Дидар Хамза – 15 (2653)

90 кг
Ислам Бозбаев – 10 (3392)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев – 27 (1392)

Айта кетсек, Марокконың Мареккеш қаласында 8-10 наурыз күндері дзюдодан өткен әлемдік Гран При кезеңі өтті. Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы командалық медаль кестесінде 15-орынға тұрақтады. Жарысқа әлемнің 67 елінен 443 татами шебері қатысты.

Соңғы жаңалықтар