27 Мамыр, Дүйсенбі

Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Сайхан Тайсуев алтын жүлде алды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Сайхан Тайсуев қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні бағындырды. Жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсерді. Осылайша, қазақстандық спортшы алтын медальді алып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты. Одан бөлек, Сайхан Тайсуев серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де өз еншісінде қалдырды.

Бұған дейін 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ақмолда Сайрамкез қоссайыс қорытындысы бойынша 257 келіні (112-145) еңсеріп, ел қоржынына алтын жүлдені салған болатын

Байрақты бәсекеде ел намысын бес спортшымыз қорғап жатыр. Атап айтқанда: Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейінгі салмақ), Сайхан Тайсуев (67 келіге дейінгі салмақта), Сәпи Есенгелді (81 келіге дейінгі салмақта), Рахат Бекболат (96 келіге дейінгі салмақта) және Ольга Пастухова (81 келіге дейінгі салмақта).

Айта кетейік, әлем чемпионатында 50 елден 13-17 жас аралығындағы спортшылар бақ сынап жатыр.

Бөлісу

.