19 маусым, Сәрсенбі

Геннадий Головкиннің қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин DAZN компаниясымен келісімшартқа отырғаннан кейін алғашқы жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жаңа келісімшарт бойынша Геннадий Головкин жылына екі жекпе-жек өткізетін болады. Әр айқасы үшін GGG қомақты қаржы алады.

Геннадий Головкин 8-ші не 16-шы маусым күні жекпе-жек өткізуі қажет. Әзірге қарсыласы белгісіз. Бастапқыда қазақстандық боксшы WBO чемпиондық белбеуінің иегері Деметриус Андрадемен кездесуі мүмкін екені хабарланған еді. Алайда америкалық боксшы 24 маусым күні жекпе-жек өткізетін болды. Ал Геннадий Головкиннің екінші айқасы қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареске қарсы өтуі қажет. 

Өткен жылдың желтоқсан айында орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес DAZN компаниясымен 365 миллион долларға келісішартқа отырған болатын. «Канело» 5 жыл ішінде 11 жекпе-жек өткізуге міндеттелді.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақта WBC, WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйек айында өткізген болатын. Мексикалық Сауль Альвареске қарсы кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімі бойынша жеңіліс тапты.

Бөлісу

.