19 маусым, Сәрсенбі

Жәнібек Әлімханұлы он раундтық жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) келесі кездесуінде он раундтық жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Орта салмақ дәрежесінде қолғап түйістіретін  Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуір күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Staples Center» аренасында өтетін бокс кешінде он раундтық жекпе-жекке шығады. Әлі жеңіліп көрмеген отандасымыз мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасады. 27 жастағы боксшы кәсіпқой мансабында 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-нда жеңіске жеткен. Тек төртеуінде қарсыласына есе жіберген.

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде ураиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британдық Энтони Кроллға (34-6-3, 13 КО)  қарсы жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпиондық белбеулерін қорғайтын болады.

Бөлісу

.