Ережесіз жекпе-жек

Арман Әшімов жеңіліп көрмеген бразилиялық спортшымен жекпе-жек өткізеді

«Мұстафа Өзтүрік» 30-наурыз күні шаршы алаңға қайта оралады

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген бразилиялық спортшымен жұдырықтасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы атағына қол жеткізген Әшімов 30-наурыз күні шаршы алаңға қайта оралады. «Мұстафа Өзтүрік» лақап атымен танылған отандасымыз Алматы қаласында өтетін M-1 Challenge 101 турнирінде сынға түседі. Ол жеңіліп көрмеген бразилиялық Кайк Аленкармен (9-0) кездеседі. Қос спортшы ең жеңіл салмақта өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Кайк Аленкар M-1 Challenge Battle in Atyrau турнирінде отандасымыз Талғат Жұмағалиевтен басым түскен болатын.

Ережесіз жекпе-жек