Негізгі жаңалықтар

«Ордабасы» жанкүйерлеріне команданы таныстырды

Шымкенттік «Ордабасы» жанкүйерлеріне команда қатарына маусым алдында қосылған жаңа ойыншылар таныстырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Маусым сайын бізбен бірге болып жүрген əрқайсыңызға алғысымызды білдіреміз. Біз жанкүйерлерді «Ордабасының» үйдегі ойындарында күтеміз, маусымның алғашқы ойындарын біз Орталық стадионда өткіземіз жəне де сіздерге хабарлайтын жақсы жаңалығымыз: студенттерге, мектепте оқитындарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жетім балаларға кіру тегін болмақ. Сіздерді матчта күтеміз — алға «Ордабасы!», — деді клуб президенті Нұржан Қатаев.

«Ордабасының» қаржы директоры Бақтияр Байсейітов дəстүр бойынша команда туын «Texas Fans» фан-клубының өкілдеріне табыстады.

Негізгі жаңалықтар