19 маусым, Сәрсенбі

Садриддин Аxмедов келесі жекпе-жегін Алматыда өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін Алматы қаласында өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов шаршы алаңға 24 наурыз күні «Алматы арена» спорт кешенінде өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген отандасымыздың жекпе-жегі кештің басты кездесуі болады.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 7 кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарын нокаутқа жіберген болатын. Ол соңғы жекпе-жегін Канада елінде өткізіп, мексикалық Абрахам «Питбуль» Хуаресті (13-1-0, 5 КО) 4 раундта нокаутқа жіберген болатын. Осы жеңістен кейін 86-орынға жайғасқан отандасымыз қазір 52-орынға көтерілді.

Бөлісу

.