14 сәуір, Сәрсенбі

Лука Модрич: «Роналдудың орны ойсырап тұр…»

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич командадағы Роналдудың орны ойсырап тұрғанын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Isport.ua сайтына сілтеме жасап.

«Роналду — командаға ең керекті ойыншылардың бірі. Оны алмастыратын адамды табу мүмкін емес. Ол сияқты клуб үшін бәрін жасаған ойыншының орны әрдайым ойсырап тұратыны анық. Командадағы ойыншылар оның атқарған жүгін бөліп алғанмен, қиын тиіп жатыр.

Криштиану секілді  ешкім 50 гол соға алмайды. Біздің кейбір ойыншылар 50 гол соқпаса да, тіпті 20 әлде 15, тым құрығанда 10 гол соғуға әрекет жасап көрді, бірақ болмады. Сондықтан жақсы нәтиже көрсете алмауымыз – біздің ең үлкен проблемамыз болып отыр. Мәселен, «Барселонаға» қарсы ойында бірнеше қауіпті сәтті ұйымдастырсақ та, қарсыласымыз бізден айласын асырып кетті.

Криштиану енді келмейді және біз алдағы 10 жыл бойы оның жоқтығын айтып отыра бермеуіміз керек. «Реал» Бэйл, Асенсио және Бензема секілді ойыншыларға үміт артты. Тіпті біз құрамға Мариано мен Винисиус секілді жақсы ойыншыларды қостық. Бірақ олар жас ерекшелігіне сәйкес бәрібір біз күткендей нәтиже көрсете алмай жатыр. Ең дұрысы – әрқашан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге жаттығу. Сол кезде ғана Мадрид аяғына нық тұрады. Мадрид әлі оралады…»— деп Модричтің сөзін келтіреді «Реалдың» баспасөз қызметі.

Айта кетейік, мадридтік «Реал» каталондық «Барселонаға» қарсы соңғы екі ойында да жеңілістің ащы дәмін татқан еді. Бірінші ойында 0:3, екінші ойында 0:1 есебімен есе жіберді.

Бөлісу

.