Бокс

Садриддин Ахмедов Жанқош Тұраровтың бұрынғы қарсыласымен қолғап түйістіреді

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегінде Жанқош Тұраровтың бұрынғы қарсыласынмен жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен «Қазақ сарбазы» келесі жекпе-жегін 7-қыркүйек күні Канада елінде өткізеді. Отандасымыз аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйға (21-5-0, 18 КО) қарсы жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын 30 секундта ұрып сұлатқан болатын. Ол соңғы жекпе-жегін Густаво Гарибайға (13-11-2, 5 КО) қарсы өткізіп, 5 раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал Бруно Леонардо Ромэй соңғы кездесуінде Жанқош Тұраровпен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіліске ұшыраған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс