Ережесіз жекпе-жек

Жалғас Жұмағұлов Fight Nights тұжырымының чемпиондық атағына таласады

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global тұжырымының чемпиондық белбеуін сарапқа салады, – деп хабарлайды   Qsport.kz  порталы.

Fight Nights Global 86 тұжырымының рейтингінде көш бастап тұрған Жалғас Жұмағұлов кезекті жекпе-жегінде чемпиондық атаққа таласады. Отандасымыз 31-тамызда Астана қаласында өтетін Fight Nights Global 88 турнирінің басты жекпе-жегінде Тагир Уланбековке қарсы жұдырықтасып, чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегінде америкалық, әккі спортшы Тайсон Нэмді (16-8-1) айқын басымдылықпен жеңген болатын. Отандасымыз осымен екінші рет чемпиондық атаққа таласады. Ал Тагир Уланбеков 2017 жылы Fight Nights Global тұжырымының чемпионы атанған болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек