Басқалары

Қос балуанымыз Азия чемпионатында топ жарды

Индия астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қос балуанымыз алтыннан алқа тақты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жастар арасында өтіп жатқан дүбірлі додада грек-рим күресінен сынға түскен Ғалым Қабдунасаров пен Мерей Бекенов топ жарды. 60 келіде сынға түскен Ғалым финалға дейін қарсыластарын қоғадай жапырып, ақтық сында ирандық балуанды айқын басымдылықпен ұтты. Мерей Бекенов 67 келіде ешкімге дес бермей, финалда қырғыз балуанын сан соқтырды. 

Айта кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы командалық есепте алдына Иранды ғана жіберіп, екінші орынға тұрақтады. Арслан Абдурахманов 55 келіде, 63 келіде Тілек Әсембаев , Станислав Рыльский 82 келіде, Санжар Темірбек 87 келіде және аса ауыр салмақта Антон Савенко қола жүлдеге қол жеткізді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары