18 шілде, Бейсенбі

Жас балуанымыз әлем чемпионатының қола жүлегері атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бекзат Жалғасов Хорватияның Загреб қаласында жасөспірімдер арасында күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Еркін күрестен 65 келі салмақта сынға түскен Бекзат Жалғасов алғашқы айналымда македониялық балуанды айқын басымдылықпен ұтып, екінші белдесуінде украиналық спортшының жолын бөгеді. Дегенмен отандасымыз жартылай финалда ресейлік Иналбек Шериевке есе жіберіп, қола жүлде үшін белдесуде грузин балуанынан басым түсті.

Айта кетейік, әзірше Бекзат Жалғасов  Хорватияның Загреб қаласында жасөспірімдер арасында күрес түрлерінен әлем чемпионатында жүлдеге ие болған жалғыз спортшы.

Бөлісу

Пікір жазу