Бокс

Данияр Елеусіновтың бүгінгі жекпе-жегін қайдан көруге болады?

«Хабар» арнасы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

6 маусым күні Лондон қаласындағы Йорк-холл орталығында өтетін бокс кешінде өнер көрсететін отандасымыздың жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегін өткізетін Олимпиада чемпионы қазіргі таңда жекпе-жекке дайындығын жалғастыруды. Отандасымыздың қарсыласы әзірге белгісіз. «Хабар» телеарнасы бұл кездесуді 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні сағат 01.55-те тікелей эфирден көрсетеді.

Айта кетейік, Елеусінов Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында сынға түсіп, 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Отандасымыз америкалық жеңіліп көрмеген Ноа Кидтен бір бас жоғары екенін көрсетіп, 3 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс